Оқшауланған желідегі осалдықтарды түзету үшін интернетке қатынасу мүмкіндігі бар Басқару серверін конфигурациялау

Оқшауланған желіде осалдықтарды түзетуге және патчтарды беруге дайындалу үшін алдымен интернетке қатынасу арқылы Басқару серверін конфигурациялаңыз, содан кейін оқшауланған Басқару серверлерін конфигурациялаңыз.

Интернетке қатынасу мүмкіндігі бар Басқару серверін конфигурациялау үшін:

  1. Басқару сервері орнатылған дискіде екі қалта жасаңыз:
    • қажетті жаңартулар тізіміне арналған қалта;
    • патчтарға арналған қалта.

    Қалталардың атауы әртүрлі болуы мүмкін.

  2. KLAdmins тобына операциялық жүйені басқарудың стандартты құралдарын пайдалана отырып, жасалған қалталарды өзгерту құқығын беріңіз.
  3. klscflag утилитасын пайдаланып, Басқару сервері сипаттарындағы қалтаға апаратын жолдарды көрсетіңіз.

    Әкімші құқықтары бар Windows пәрмен жолын іске қосыңыз, содан кейін ағымдағы каталогті klscflag утилитасы бар каталогке өзгертіңіз. klscflag утилитасы Басқару серверінің орнату қалтасында орналасқан. Әдепкі бойынша орнату жолы: <Диск>:\Program Files (x86)\Kaspersky Lab\Kaspersky Security Center.

  4. Windows пәрмен жолына келесі пәрмендерді енгізіңіз:
    • Түзетулерге арналған қалта жолын көрсету үшін:

      klscflag -fset -pv klserver -n VAPM_DATA_EXPORT_PATH -t s -v "<path to the folder>"

    • Қажетті жаңартулар тізімі үшін қалта жолын белгілеу үшін:

      klscflag -fset -pv klserver -n VAPM_REQ_IMPORT_PATH -t s -v "<path to the folder>"

    Мысалы: klscflag -fset -pv klserver -n VAPM_DATA_EXPORT_PATH -t s -v "C:\FolderForPatches"

  5. klscflag утилитасын пайдаланып, Басқару сервері жаңа түзету сұрауларын қаншалықты жиі тексеруі керек екенін көрсетіңіз (қажет болса):

    klscflag -fset -pv klserver -n VAPM_DATA_EXPORT_PERIOD_SEC -t d -v <value in seconds>

    Әдепкі бойынша, 120 секунд мәні көрсетілген.

    Мысалы: klscflag -fset -pv klserver -n VAPM_DATA_EXPORT_PERIOD_SEC -t d -v 150

  6. Басқару сервері қызметін қайта іске қосыңыз.

Енді интернетке қатынасу мүмкіндігі бар Басқару сервері жаңартуларды жүктеуге және оқшауланған Басқару серверлеріне жіберуге дайын. Осалдықтарды түзетуді бастамас бұрын, оқшауланған Басқару серверлерін конфигурациялаңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Оқшауланған желідегі үшінші тарап бағдарламаларының осалдықтарын түзету

Оқшауланған желідегі үшінші тарап бағдарламаларының осалдықтарын түзету туралы

Басына оралу